Жаңашылдық –заман талабы |
Кері байланыс парағы
Аты-жөні:------------------------------------------------------------------------------------
Мектебі:---------------------------------------------------------------------------------------
1. Шеберлік сынып қызықты өтті ме?--------------------------------------------------------------------
2. Жаңа тақырып бойынша өзінізге керекті мәліметті таптыңыз ба?------------------------------
3. Бүгінгі үйренгеніңіз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?--------------------------------
Интерактивті әдістер
«Үйрете отырып үйренемін».
Оқушылар мұғалім берген үлгі бойынша сыныптастарына тапсырмалар дайындайды. Жауабын өз дәптеріне жазады. Осыдан кейін бір-бірімен тапсырмаларды алмасып, тексереді. Әрбір оқушы 2 ұпай алады: 1 ұпай тапсырма үшін, 1 ұпай басқа тапсырманы орындағаны үшін.
«Қатені жіберме».
Мұғалім тақырыпты түсіндіріп тұрып әдейі қателер жібереді. Ол туралы оқушыларға алдын ала ескертіледі. Оқушылар қате жіберліген сәтте белгі беріп, мұғалімді тоқтатады, түзетеді.
«Қатені түзет».
Оқушыларға өткен материал бойынша қателері бар тест немесе теориялық материал беріледі. Олар берілген уақыттың ішінде қатені тауып, келесі оқушыға береді. Ары қарай осылай жалғаса береді. Кім көп қате тапса, сол жеңімпаз болады.
«Шешімдер ағашы»
Сынып құрамындағы оқушылардың саны бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ берілген мәселені талқылайды және шешімдерін өз ағаштарына жазады. Осыдан кейін топтар орындарымен алмасады. Енді олар өз шешімдерін басқа топтың ағашына жазады. Кейін бірін-бірі тексереді. Бұл жерде «Галереяға саяхат» стратегиясын қолдануға болады.
«Аквариум».
Сынып 5-6 оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді.Бір топ сыныптың ортасына орналасады. Тапсырманы алып, дауыстап оқиды және дауыстап өара талқылайды. Оларды айнала орналасқан басқа топтар талқылауға араласпайды, үнсіз тыңдап отырып, дәптерлеріне жазба жүргізеді. Ортадағы топ талқылауын аяқтағаннан кейін өз орындарына барып отырады. Қалған оқушылар олардың талқылаулары туралы пікірлерін айтады. Қандай негіздемелер жасағандарына көңіл бөледі. Осыдан кейін «Аквариумға» басқа топ орналасады.
«Карусель».
Оқушылар бір-бірінің ішінде орналасқан екі шеңбер құрады. Ішкі және сыртқы шеңбердегі әр оқушы бір-бірімен бетпе-бет тұрып жұп құрайды. Берілген уақыт ішінде (30 секунд) бір-бірімен ақпарат алмасады. Уақыт өткен кезде жүргізушінің белгісімен ішкі топ бір қадам сағат тілі бағытымен жылжып, келесі оқушымен жұп құрайды. Тағы да бір-біріне түсіндіре бастайды. Оқушылар тақырып бойынша алдын ала сұрақтар құрастырып, интервью алуға да болады.
«Микрофон».
Ұсынылған мәселе бойынша оқушыларға өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі. Сыныпқа микрофон немесе соған ұқсас бір зат жіберіледі. Қолына микрофонды алған оқушы талқылауға ұсынылған мәселе бойынша нақты және қысқаша түрде өз ойын айтады, қорытынды жасайды
«Ой шақыру».
Түйінді мәселені шешу үшін мұғалім оқушылардан барынша көп шешу жолдарын, ұсыныстар айтуды сұрайды. Оқушылар жарыса айта бастайды, мұғалім барлық идеяларды жазып отырады. Идеялар «қорын» жинақтағаннан кейін олар талқыланады, ең ұтымдылары таңдалады.
«Өз ұстанымыңды таңда».
Түйінді мәселе және соған қатысты бір-біріне қарама-қарсы екі пікір ұсынылады: «ИӘ» деген ұстанымды алған оқушылар бірінші пікірді қолдайды, «ЖОҚ» деген ұстанымды алған оқушы екінші пікірді қолдайды, шешім қабылдай алмаған оқушы «БІЛМЕЙМІН, ӨЗ ҰСТАНЫМЫМДЫ АНЫҚТАҒАН ЖОҚПЫН» деген ұстанымды таңдайды. Осыдан кейін ұстанымдары бойынша топтарға бөлініп, талқылайды, өздері қолдаған көзқарасты дәлелдеуге дайындалады. Уақыт өткен соң әр топтан спикерлер сөйлейді. «БІЛМЕЙМІН, ӨЗ ҰСТАНЫМЫМДЫ АНЫҚТАҒАН ЖОҚПЫН» деген ұстанымды таңдаған оқушылар спикерлерді тыңдай отырып, өз ұстанымдарын өзгерте алады.
«Кейс әдісі».
Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. оқушының жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.
Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс - әрекеті екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс. - жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; - мақсат пен міндетті анықтау; - жағдайды құрастыру және суреттеу. Екінші кезең – оқытушының аудиториядағы іс - әрекеті. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану кезеңі. - кейске кіріспе; - жағдайдың талдануы (шағын топтарда); - пікірталас; - қортынды шығару.
«Мәселелер мен жағдайлар иірімі» әдісі
Әдістің мәні: оқушылар 4- 6 адамнан топқа бөлінеді. әр топта өз түсі болатындай етіп, әр топқа бір түсті маркерлер және А1 форматты парақ таратылады. әр топ талқылауға(1-10) берілген тақырыпты 10 минут бойы идеяларын түрлендіреді. Келесі кезеңде оқушылар параққа түсірілген идеяларын бір-бірімен (сағат тілінің айналуымен немесе айыналуына қарсы) алмасады.Басқа топтың идеясын алған топ, әр пунктке қарама-қарсы белгілейді +(берілген пайыммен келісемін), - ( берілген пайыммен келіспейміз),?(берілген пікір авторды анықтауды талап етеді) Сонымен қатар, топқа идеяны толықтыру қажет. Осылайша, идеялар парағы сыныптағы әр топтың идеясымен,ойымен толықтырылады. Басқа топтың парағымен жұмыс істеу үшін әр топқа 5 минут уақыт беріледі. Парақ толық айналым жасап, командаға қайта оралады. Командаға әр топтың ұсыныстары және толықтыруларымен танысуға 5 минут уақыт беріледі. Келесіде иірім әдісінің қатысушыларына өз ұстанымдарын таныстыру үшін 10 минуттан әр командаға уақыт беріледі.
«Броуын қозғалысы» әдісі
Броуын қозғалыс әдісі оқушылардың берілген тақырып бойынша мәлімет жинау үшін бөлме ішіндегі қозғалысы
«Дау-жанжалды шешу» (Пресс) әдісі
Даулы сұрақтарды талқылауда және мәселер бойынша нақты дәлелдеуді талап ететін жаттығуларды орындауда қолданылады. Бұл әдіс оқушыларға дәлелдер құрастырып жасауға және дискуссияға ұсынылған сұрақ бойынша басқалардың көзін жеткізуге өз ойларын нақты тартымды жеткізуге үйретеді.
Әрекет алгоритмі:
ПРЕСС әдісінің 4 кезеңі көрсетілген материалдарды тарату
- Менің ойымша... сөзінен бастау...
- Өйткені.... сөзінен бастау ...
- Мысалы ...
- Демек, ... мынадай бейнелерге
«Ашық сұрақтар» әдісі
Сыныптағы барлық оқушылар бір мезгілде тест тапсырмасының бір нұсқасын дайындап орындайды. Төмендегідей нұсқау беріліді: егер оқушы сұрақтың дұрыс жауабын білмесе, сұрақты ашық қалдырады, ешқандай сұрақ нұсқасын білгілемейді.
Тест нұсқасын орындауға 30 минут (егер сұрақтар жеңіл болса, одан да аз) уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң барлығы жауаптарды тексереді, немесе белгілеген сұрақтардың жауабын оқулықтан табады да, басқаларға оқулықтың бетін, абзацты көрсетіп айтады. Қалғандары сол бетті ашып, міндетті түрде көруі керек: білімді меңгеруде көру есі арқылы қабылдау қашан да маңызды. Әр оқушы 1-2 (сыныптағы оқушылардың санына қарай одан да көп) сұрақтың жауабын табады.
Украин орта мектебінің қазақ тілінен аудандық сайыстарға үнемі қатысып жүлделі орын алатын оқушылар тізімі
№ |
Оқушының аты –жөні |
Сынып |
Қатысқан сайыстар |
Қатысқан жылы |
Нәтижесі |
1 |
Вагина Оксана |
9 |
1.Пән бойынша олимпиада |
2015
|
2 орын
|
2. «Жарқын болашақ» |
2015
|
3 орын
|
|||
3. «Абай оқулары» |
2016
|
3орын
|
|||
4. «жарқын болашақ»
|
2016
|
1 орын Облыстық сертификат |
|||
5.пән бойынша олимпиада
|
2017
|
1 орын
|
|||
6. «Жарқын болашақ» |
2017 |
3 орын |
|||
2 |
Кейзор Мария |
9 |
1.«жарқын болашақ» |
2015 |
1 орын |
2. «Мен және сен қазақша сөйлейміз» |
2015 |
2 орын
|
|||
3. «Жарқын болашақ» « әнші бұлбұлдар» |
2016 |
1 орын Облыстық 3 орын |
|||
4. « Абай оқулары» «Көңілім әнді ұғады»
|
2016
|
1 орын
|
|||
5. «Жарқын болашақ» |
2017 |
1 орын |
|||
3
|
Смирнова Вера
|
11
|
1.«Абай оқулары» «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» |
2015
|
3 орын
|
2.Пән бойынша олимпиада
|
2015 |
2 орын |
|||
3. «жарқын болашақ» «тілші әдебитешілер» |
2016 |
2 орын |
|||
4
|
Бағыт Зарина |
6 |
Зерде Республикалық жоба |
2016 |
2 орын |
Аудандық семинар өткізді. «Меняется мир- меняемся мы»
Мектепішілік тәжірибе алмасу
Аудандық «тіл жанашырлары» қауымдастығы семинар